2023 жылғы 28 ақпан күні Астана қаласының №62 мектеп –лицей базасында «География пәні бойынша қорытынды аттестаттауға арналған тапсырмалардың әзірлеу жолдары» тақырыбында география пәні педагогтеріне қалалық семинар ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты: Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру
Іс-шарада №17 мектеп-гимназиясының педагогі Ж. Кинжагалиева, №76 мектеп-лицейінің педагогтері А.Жаукумова , Ж.Қабышева, А.Бектаева, Б. Бекболатова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар тақырыптың өзектілігі туралы семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға мазмұнды семинар үшін алғыстарын білдірді.