«Құзыреттілік картасы: кәсіби бағдар беру жұмысын табысты жүргізуге қажетті білім мен білік» қалалық семинар

2023 жылғы 28 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Тұран-Астана» университетімен бірлесе отырып, педагог-кәсіби бағдар берушілерге арналған семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – педагог-кәсіби бағдар берушілерге білім алушылармен жұмыста әдістемелік көмек көрсету.

Семинарда Галимжанова Маржан Анесовна, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Үздіксіз кәсіби білім беру институты» директоры, Борамбаева Надия Ануарбековна, LS DAMU қоғамдық қорының директоры, Шинтаева Сауле Сенбековна, «Тұран-Астана» университетінің Маркетинг департаментінің директоры спикер ретінде сөз сөйледі.

Семинарға педагогтер белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған