Арнайы жас мамандарға оқыту семинары өтті

2023 жылғы 28 ақпан күні Астана қаласының №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті базасында «Кәсіби қалыптасуда жас мамандарды сүйемелдеу» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Іс-шара аясында Әдістемелік орталық әдіскерлері мен Астана қаласы әкімдігінің №2 және №4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің арнайы мамандары шебер-сыныптар мен тренингтер өткізе отырып педагогикалық және практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға жалпы орта білім беру ұйымдарының 20-дан астам жас арнайы педагогтері қатысты.

Семинар соңында жас педагогтер кері байланыс беріп, өз ойларымен бөлісті, сонымен қатар тәлімгерлік мәселелері мен алдағы уақытта қандай тақырыптар бойынша семинар қажет екендігі талқыланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған