«Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы қалалық шеберлік сыныптары ұйымдастырылды

«Жастар лигасы» жобасы аясында 2023 жылдың 28 ақпаны күні Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжінде Әдістемелік орталықтың ТжКББ бөлімінің әдіскерлері тарапынан Астана колледждерінің жас оқытушыларын одан әрі әлеуметтік және кәсіби бейімдеу және олардың жеке кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында «Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы қалалық шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Шеберлік сыныптарды өткізу барысында Астана халықаралық университеті педагогикалық колледжінің тәжірибелі оқытушылары Қайсаева Г.А., Қойбағарова К.Н., Махметова М.Б., Жамалашов А.С., Болатова А.Ж., әр түрлі оқыту стильдерінің өзара байланысы, білім алушылардың мүмкіндіктері мен даму жолдары туралы түсінік қалыптастыруға жағдай жасады.

Іс-шараның кері байланысы педагогикалық қарым-қатынас және шеберлікке жету жолдарын талқылау форматында өтті, бұл жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін толық көрсетуге мүмкіндік туғызды.

Іс-шараға 40-тан астам жас педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған