ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР- БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ

Педагогтер қауымдастығының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған «Заманауи технологиялар – білім беру сапасын басқарудың құралы» семинары өтті.

Семинар мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие жұмысындағы заманауи технологияларды қолдануда  тәрбиешілерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өтті.

Семинарда заманауи технологияларды пайдалану арқылы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыруда өзінің іс-тәжірибесімен үздік мамандар мен әлеуметтік серіктестер бөлісті. 

Атап айтсақ, «Квест технологиясы», «Асық технологиясы», «Ойындар кейсі», «Интеллектуалды дамыту ойындары», сондай-ақ цифрландырылған
«Bil-bala» технологиясы көрсетілді.

Семинарға елордалық мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған