Бүгін Астана қаласы Әдістемелік орталығының арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскерлері Мемлекеттік аттестациядан өтетін №№7,24,48 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетті.
Әдістемелік көмек көрсету барысында:
- Білім басқармасымен бекітілген ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тізімі;
- Оқу жоспары;
- Жеке оқу бағдарламасы;
- Жеке даму бағдарламасы;
- Түзету-дамыту бағдарламасы;
- Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі бойынша құжаттардың (бұйрық, жылдық жоспар, хаттамалар) болуы мен дұрыс жүргізілуі қарастырылды.
Арнайы педагогтердің жұмысы барысында туындайтын мәселелері мен оларды шешу жолдары бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шараға мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.