«Мектеп музейінің білім беру кеңістігіндегі рөлі» семинар-практикум

2023 жылдың 24ақпан күніМұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ҚР музейлерін дамыту орталығы және Астана қаласының Әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған Астана қаласы мектеп музейлерінің жетекшілеріне арналған «Мектеп музейінің білім беру кеңістігіндегі рөлі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

 «Мектеп музейінің білім беру кеңістігіндегі рөлі» семинар-практикумы музейтану саласындағы қазіргі заман талабына сай кәсіби құзыреттіліктерді жетілдіруге, мектеп музейлерінің жетекшілеріне әдістемелік көмек беруге, тәжірибе алмасуға бағытталды. Сонымен қатар «Үздік мектеп музейі-2022» қалалық байқауының жеңімпазы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы музейінің тәжірибесімен таныстырды.

Семинар-практикумды Астана қаласының Әдістемелік орталығының басшысы Дәуешова Сындар Мұратқызы, ҚР Ұлттық музейі Қазақстан музейлерін дамыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік орталығының басшысы Жолбарыс Нұрсерік Жолбарысұлы, Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының директоры Джумартова Данара Мейранбекқызының  құттықтау сөзімен ашты. «Мен қашанда жан-тәніммен сенімен біргемін» атты көрмемен жалғасын тапты. Көрмеге бұрын-соңды ешбір ақпарат көздерінде жарық көрмеген фотосуреттер шығарылды. Семинар бағдарламасына сай «Музей сыры» әдеби-музыкалық композициясы қойылды, интерактивті алаңдар жұмысы көрсетілді. ҚР Ұлттық музейінің базасында құрылған «Мирас» үйірмесінің тәрбиеленушілері, әрі мектеп жанынан құрылған «Жас музейтанушылар» зерттеушілер клубының оқушылары «Мұстафа әлемі» атты шолу экскурсиясын өткізді. Семинарға арнайы Қызылорда қаласынан келген Мұстафа Шоқайдың ұрпақтары өз ойларын ортаға салып, түркі жұртының көсемі Мұстафа Шоқай туралы құнды ақпараттармен бөлісті.

Астана қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы» МКҚК өлкетану бөлімінің меңгерушісі Исабаева Бибігүл Бахытжанқызы, ҚР Ұлттық музейі, ҚР Ұлттық музейінің Экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің әдіскері Рақтаева Айгүл Нұриденқызы, Біліктілікті арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің  кіші ғылыми қызметкері Нұркеева Ләззат Сағидоллақызы, ҚР Ұлттық музейі, Біліктілікті арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің сарапшасы Мұхамеджанова Роза Әнесқызы мектеп музейінің негіздері, мектеп музейінің заттарын жинақтау, есепке алу және сақтау тақырыбында тәжірибесін ортаға салып, ой бөлісті. Семинарға қатысушылар үшін музейдің жұмысына қажетті құнды ақпараттар айтылды. Семинарда тәжірибесімен бөліскен музей қызметкерлері тарапынан мектеп музейінің экспозициялық құндылығына өте жоғары баға берілді, оған музейде біршама жәдігерлердің түпнұсқаларының сақталғандығы дәлел бола алатындығын атап өтті.

Семинар соңында барлық тыңдаушыларға қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған