Астана қаласы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған оқыту семинары

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2023 жылдың 22-24 ақпаны аралығында «Мектеп медиациясы қызметінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Мақсатты топ: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерлер, педагог – психологтар және сынып жетекшілері. Оқыту семинарына 10 педагог қатысты.

              Семинардың мақсаты: балалардың құқықтары мен психологиялық саулығын әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының теріс әсерінен және әлеуметтенудің қолайсыз жағдайларынан қорғауға ықпал етуге бағытталған  мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру жұмысын жандандыру.

 Семинар барысында 3 модульден тұратын сұрақтар қарастырылды:

Модуль 1. «Жанжалсыз қарым-қатынас негіздері»

Модуль 2.«Медиация даулар мен жанжалдарды реттеу технологиясы»

Модуль 3. «Медиация технологиясы мектеп тәжірибесінде»

Аталған тақырыптар  дәріс, практикум – семинар, тренинг, жағдаяттық ойындар және пікір алмасу формасында  жүргізілді.

 Оқыту мен тәрбиелеу процесінде медиативті технологиялар қақтығыстарды шешудің ақылға қонымды баламасын ұсынып,   мектепте жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында жағдайлардың барынша қалпына келтіру тәсілін пайдалануға мүмкіндік береді. Медиациялық қызметтің тәжірибесі татуласу қызметтері ең қиын жағдайларды ішінара немесе толық шешуге көмектесе алатындығын көрсетеді.

          Семинарға қатысушылар оқыту семинарынан өткені туралы Орталықтың сертификатын және одан әрі жұмыс істеу үшін әдістемелік материалдар алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған