«Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың кешенді тәсілі» қалалық оқыту семинары

2023 жылғы 24 ақпанда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың кешенді тәсілі» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.

Оқыту семинары аясында Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскерлері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының нормативтік құжаттамасын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

Сондай-ақ, №85 мектеп-лицейі, №27 мектеп-лицейі, №22 мектеп-гимназияларының педагогтері баяндама жасады. Спикерлер оқушыларға қауіпсіздік сабақтарын өткізу бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, мектепте қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру туралы маңызды сұрақтар қозғалды. Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған