«Арнайы мектептегі білім беру процесінде тиімді қолданылатын заманауи тәсілдер» республикалық семинар

Астана қаласы Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «МЕКТЕП – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРДІ ДАМЫТУ АЛАҢЫ» тақырыбындағы республикалық семинардың 2-ші күні №3 арнайы мектепте жалғасын тапты.

Семинарға қала мен республиканың арнайы және орта білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ аға ғылыми қызметкері Медетбекова Г.О.,  Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Инклюзивті білім беру орталығының жетекші сарапшысы Жүсіп А. қатысты.

Семинар барысында мектеп педагогтері озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қызықты сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, шебер-сыныптар көрсетті.

Семинар соңында республиканың барлық өңірлерінен келген педагогтер өз ойларымен бөлісіп, семинар ұйымдастырушыларына  алғыстарын білдірді.

Ұйымдастырушылар тарапынан іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтер мен семинар қатысушылары сертификаттармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған