Дебат технологиясы: ғылыми жолдары мен әдістемелік негіздері

2023 жылдың 23 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің «№24 орта мектеп» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мен Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» бірлесе отырып, «Дебат технологиясы: ғылыми жолдары мен әдістемелік негіздері» тақырыбында республикалық тәжірибе алмасу семинарын өткізді.

  Семинардың мақсаты: Пікірталаста сыни тұрғыдан сөйлеу мәдениеті мен ойлау интеллектісін дамыту жолдары бойынша  тәжірибе алмасу. Семинар оффлайн және онлайн форматта жүргізілді. Астана қаласынан және республиканың шалғай өңірлерінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

  Семинар мектеп директоры С.Калиевтің және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-нің әдіскері К. Баяхметбаеваның кіріспе сөзімен басталды. «Пікірсайыс технологиясының модельдері және оны сабақта қолдану» тақырыбы бойынша теориялық шолу жасалды. Сонымен қатар мектептің «Youth parliament» дебат клубының жұмысы көрсетілді.

  Мектеп мұғалімдері өздерінің тәжірибелерін бөлісу мақсатында «Дебат технологиясы: ғылыми жолдары мен әдістемелік негіздері», «Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында дебат технологиясын қолдану», «Дебат технологиясын қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін дамыту» тақырыптарында шебер-сыныптар және Ш. Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» повесі, «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесі тақырыптарында дебат сабақтар, Кедейлікті жою шаралары, Газет-журналдардың адам өміріндегі орны, Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» повесінен үзінді, «Құпия кеңес» тақырыптарында дебат элементтерін қолдана отырып, ашық сабақтар көрсетті.

   Семинарға Ақмола облысы білім басқармасы «Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Ж. Кулмагамбетова қатысып, өзінің іс-тәжірибесін ортаға салды.

Семинар соңында «PADLET» тақтасы бойынша рефлекция өткізілді. Рефлекция кезінде семинарға қатысушы мұғалімдер  ашық сабақтардың өткізілу барысы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Семинарға жоспарланған іс-шаралардың жоғары деңгейде, нәтижелі ұйымдастырылғанын атап өтті. Содай-ақ семинар тақырыбының қазіргі таңда өзекті екенін айта келіп, қатысушылар өздеріне қажетті көптеген тың ақпараттар алғанын айтып кетті.

         Семинар соңында мектеп директоры С. Калиев семинарларға қатысып, өз ойларын ортаға салып, ой бөліскен ұстаздарға Алғыс білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған