Химия, биология, физика, информатика сабақтарында оқушылардың   тілдік құзыреттілігін   кеңейту

         Ағымдағы жылдың 23 ақпан  күні Астана  қаласы Әдістемелік орталықтың   әдіскері Ш.Шакированың  ұйымдастыруымен «Химия, биология, физика, информатика сабақтарында оқушылардың   тілдік құзыреттілігін   кеңейту» тақырыбында  №81 «ASTANA ENGLISH SCHCOOL»  мамандандырылған гимназия   базасында   қалалық оқыту семинары өтті.

           Қалалық оқыту семинары 2 бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакирова ЖМБ пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогтермен жүргізілетін іс-шаралар  жоспарымен таныстырды. Білім алушылардың  ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқуларының  білім сапасын мониторингілеу нәтижесі бойынша әдістемелік ұсынымға тоқталды.  Практикалық бөлімде  №84 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Мейіржан Монтакаев, №66 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Аблаева Ақжарқын, №81 «ASTANA ENGLISH SCHCOOL» мамандандырылған гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Гареева Алия Суртаевна, №81 «ASTANA ENGLISH SCHCOO»L мамандандырылған гимназиясының физика  пәнінің мұғалімі Тулкибаева Гульшахар, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының информатика  пәні мұғалімі Манчук Даку, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының биология  пәні мұғалімі Өмірзақ Нурила, «Nurorda» мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Фархад Абылаев  8,9,10 класс оқушыларына сабақ өткізді.

           Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *