2023 жылдың 23 ақпанында Астана қаласы Әдістемелік орталығының және №44 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Сабақты зерттеу (Lesson Study): бірлескен оқу тәжірибесі» тақырыбында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден сабақ беретін мұғалімдерге арналған (математика, алгебра, геометрия, химия, биология, физика, география) қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: LESSON STUDY үдерісінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру және тәжірибемен бөлісу.
Аталған семинарды №44 орта мектебінің директоры Култаева Ляззат Мухамбетовна мен Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскері Нұртаева Қанымай Өзбекбаевна ашып берді. Семинардың теориялық бөлімінде мектеп мұғалімдері «9-сынып оқушыларын емтиханға дайындау әдістері», «География пәні сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері»,
«Құндылыққа негізделген білім беру» жобасын физика пәнінде қолдану тақырыптарында өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, тәжірибелік бөлімде 9 зерттеу сабағы берілді. Зерттеу сабақтарынан соң бақылаушылар А,В,С деңгейіндегі оқушыларға толық зерделеулерін талдады. Жоспарланған сабақтарда мұғалімдер өздерінің тың идеяларымен, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, кері байланыс жасалды.