«МЕКТЕП – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРДІ ДАМЫТУ АЛАҢЫ» республикалық семинар өз жұмысын бастады

Астана қаласы Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №2 және №3 арнайы мектептерінде «МЕКТЕП – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕРДІ ДАМЫТУ АЛАҢЫ» тақырыбында республикалық семинар өз жұмысын бастады.

Семинардың алғашқы күні «Мамандыққа жол мектептен басталады»тақырыбында ерекше балаларға қоғамда және мектепте қолжетімді орта қалыптастыру, оқушылардың қажеттіліктеріне, бейімділігіне, жеке ерекшеліктеріне байланысты кәсіби өзін-өзі анықтауына жағдай жасау жолдарын тәжірибе алмасу арқылы жүзеге асыру мақсатында №2 арнайы мектепте өтті.

Семинарға қала мен республиканың арнайы, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Инклюзивті білім беру орталығының басшысы Бутабаева Л.А., «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ аға ғылыми қызметкері  Медетбекова Г.О. қатысты.  

Семинар барысында мектеп педагогтері (Б. Торекулова, Т. Воронко, Н. Бейсенов, Р. Қойшыбаева) №2 арнайы мектептің тәжірибесін теориялық тұрғыдан ұсынып, екінші бөлімде мектептің арнайы мамандары озық іс-тәжірибелерімен қызықты сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды, шебер сабақтар көрсету арқылы бөлісті.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде Көкшетау қаласының «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагогтері (Самковская В.Б., Шевчук А.В., Чердинцева Л.В.) өз жұмыс тәжірибелерін көрсетті.

Семинар соңында өңірлерден келген педагогтер өз ойларымен бөлісіп, семинар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

24 ақпан күні республикалық семинар №3 арнайы мектебінде жалғасын табады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *