«Зерттеу әдістері арқылы креативті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы» қалалық семинар

2023 жылғы 23 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің №49 «Алтынай» балабақшасында «Зерттеу әдістері арқылы креативті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбындағы эксперименттік алаңның жабылу қорытындысы бойынша қалалық семинар өтті.

Семинар барысында педагогтер түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, кіріктірілген оқу іс-әрекеттерін көрсетті. «Жетігеннің жетеуі» тақырыбында ұйымдастырылған іс әрекетте балаларға қазақтың ұлттық аспаптары туралы ақпарат берілді. Балаларда креативті ойлауды қалыптастыру мақсатында педагогтермен тәжірибе жүргізілді.

Сонымен қатар семинар соңында балабақшаның психологы Туякбаева Толқын Султанқызы қатысушы педагогтармен психологиялық тренинг өткізіп, рефлексия жүргізді.

Семинар қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қатысушылары аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді. 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған