2023 жылғы 23 ақпан күні Астана қаласы Білім басқармасы «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сай №25 «Таңшолпан» балабақшасының ұйымдастыруымен сенсорлық интеграцияға арналған жабдықтарды пайдалану бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «ЕБҚ балалармен түзету жұмысы барысында сенсорлық интеграция тәсілдерін қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 30-ға жуық арнайы педагогтері қатысты.
Семинар барысында:
- «Білім алаңы»
- «Аққала Вилли және оның достарының шытырман оқиғалары»
- «Біз тұратын үй»
- «Санаймыз, жазамыз, бәрін білуді қалаймыз»
- «Кемпірқосақ арқылы Капитошкаға қонаққа барамыз» тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетті.
Семинар қатысушыларымен «Сенсорлы калейдоскоп» шебер-сыныбын және
«Көңілді саусақтар» нейрожаттығулар өткізді.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.