Сынып жетекшілер қауымдастығының жұмысы

Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес 2023 жылғы 21 ақпанда сынып жетекшілер қауымдастығының отырысы өтті.

Отырысқа Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің сынып жетекшілері қатысты.

Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Э.А. Ибраева педагогтерді күн тәртібімен таныстырып, қауымдастықтың 2023 жылға арналған мақсаттары және міндеттерімен таныстырды.

Сынып жетекшілер қауымдастығының қызметі мен функциялары туралы №73 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогі  Мамадиярова Гүлзира Батырханқызы айтып өтті.

Бұдан әрі әдістемелік орталықтың әдіскері М. Тұрғалиқызы қауымдастықтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды..

Отырыс барысында Қауымдастық мүшелері жұмыс жоспарын қарап, бекітті, сондай-ақ педагогтардың бірлескен ынтымақтастығы және т.б. бойынша өзекті мәселелерді талқылады, сынып жетекшілері қауымдастығының төрағасын сайлады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған