Modern educational tendencies in foreign language teaching

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен №70 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Modern educational tendencies in foreign language teaching» атты қалалық коучинг-семинарын ұйымдастырады.

Мақсаты – Астана қаласындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында озық білім беру әдістемесімен бөлісе отырып, білім беру сапасын арттыру. Коучинг-сессия тек теориялық бөлімнен ғана емес, практикалық бағыттан да тұрғандықтан, спикерлер өздерінің практикадағы өздік әдістемелерімен бөліседі.

Семинарға American Embassy өкілі Огуст Гариси, Назарбаев Зияткерлік Мектебінің Халықаралық Бакалавриат бағыты бойынша жұмыс жасайтын мектебінің мұғалімі Болат Ержан, Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің мұғалімі Көмекбаева Балжан Сейітханқызы  өз шеберліктерімен бөліседі. Семинарға шақырылатын мұғалімдер – Астана қаласы мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері.

Өтетін орны: №70 мектеп-лицейі, Майқайың көш. №1 үй.

Мерзімі: 22-ақпан, 2023 жыл

Уақыты: 10.00

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған