БАЛАБАҚШАЛАРДАҒЫ ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Астана қаласы Әдістемелік орталығы жас маманның педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру, педагогикалық ұжымға бейімделуіне ықпал жасау мақсатында Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жас мамандарға арналған «Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі жас педагогтің кәсіби бейімделуі» тақырыбындағы қалалық семинар-тренинг өткізді. 

Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 35 жас маман қатысты.

Тренингке Qundylyq.kz негізін қалаушы, тренер, ментор Жігер Телюқанов,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессор м.а,  п.ғ.к. Аубакирова Жанат Канашовна, №63 «Әсем-ай» балабақшасының педагог-психологы Сулейменова Согдиана Ерлановна қатысты.

Әйгілі психолог Альфред Адлер, Милтон Эриксон, Карен Хорни, Д.Б. Эльконин, Мартин Селигманның  психологиядағы  әртүрлі бағыттарындағы тұлға концепциясындағы  әдістерімен таныстырып,  психологияның даму тарихына шолу жасады.

Жігер Телюқанов Ұлыбритания еліндегі өзінің тәжірибесі арқылы жас мамандардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру, әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау жұмыстарын тренинг арқылы жүзеге асырды.

Тәрбиеленушілердің балабақшаға сәтті бейімделуі, баланың бейімделуіне ата-ананың көмегі, балабақшаға үйрену кезіндегі педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру туралы айтылды.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жас мамандар тренинг соңында ашық, нақты кері байланысқа түсіп, тренингтен алған ақпараттарымен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *