Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскерлері 2023 жылғы 16 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің “Дарынды қыз балаларға арналған “Білім-инновация” лицей-интернатының аттестациядан өтетін 5 педагогінің сабақтарына қатысты.
Педагогтің сабақтарына қатысу кезінде әдіскерлер:
— сабақтың мазмұнының оқу мақсаттарына сәйкес келуі,
— сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге жету жолдары,
— қолданылған әдіс- тәсілдердің тиімділігі,
— материалдың мазмұны бойынша рефлексия жүргізілуі,
— тәжірибе арқылы дағдыларды дамытуы,
— сабақта жұмыстың әртүрлі формада қолдануы,
— білім алушылардың бағалау процесін бақылады.