Озат тәжірибе – ортақ іс

Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік жаңа ұлттық үлгісін  қалыптастыру мақсатында әртүрлі іс шаралар, семинар-тренингтер өткізу,  тәжірибе алмасу жақсы жолға қойылған. Осындай тәжірибе алмасу семинары №79 мектеп-лицейі қабырғасында ақпан айының 15- ші жұлдызында Астана қаласы әдістемелік орталығымен біріккен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың эмоционалды интеллектісі мен коммуникативтік дағдыларын дамыту» атты тақырыбында қала көлемінде семинар өткізілді. Осы семинарды №79 мектеп – лицейінің директордың бейіндік жұмысы бойынша орынбасары Әкіш Жанат Егінбайқызы жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жалпы, бұл семинардың мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында білім алушылардың эмоционалды интеллектісі мен коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып, білім сапасын арттыру.

Астана қаласындағы мектеп мұғалімдері білім ордасына ат басын тіреп, тәжірибе алмасуға келді. Семинарды ең бірінші мектеп директоры Мұқышева Құралай Балғабайқызы алғы сөзімен ашып беріп, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі. Мектеп директоры семинардың тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтижесімен таныстырып, өз ойымен бөлісті. Барлық қонақтар мен семинарға қатысушы ұстаздарға сәттілік тіледі.

Әдістемелік орталықтың әдіскері Ергешбаев Жұмағали Измаханұлы семинар барысында қазіргі кездегі білім сапасын көтеру жолдарының бірі – шебер сыныптар, коучингтер, тренингтер өткізіп, тәжірибе алмасу керектігін  ұстаздар алдында ақпараттандырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған