Арман шығады алдымнан асқақ биік

2023 жылғы 08 ақпан күні № 28 мектеп-лицейінде республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ақын, филология ғылымдарының кандидаты,ғалым-зерттеуші, аудармашы, «Тұмар» журналының бас редакторы, «Жыр кітабы», «Самал», «Шерқала» жыр кітаптарының авторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің доценті, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Махамбет,Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтардың иегері  Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызынның шығармашылығына арналған «Арман шығады алдымнан асқақ биік» атты әдеби-сазды кеші өткізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, кітап оқуға деген құштарлықтарын ояту. Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызынның өмірі мен шығармашылығын таныту болды.

Кешке мектеп ұжымы, оқытушылар мен оқушылар  Астана қаласының Білім басқармасы «Жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме» бөлімінің басшысы – Асыл Амангелдіқызы, Астана қаласы Әдістемелік орталығының басшысы – Сындар Мұратқызы, әдіскер, журналист Жұмағали Измаханұлы, ақын, халықаралық тренер, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – Баянғали Ғалымжанұлы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы Сейілбек Асанов қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған