Балабақшада өткен семинар – практикум

        Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының»  іс -шаралар жоспарымен сәйкес ағымдағы жылдың 17-ші  ақпан күні №5 «Ақбота» балабақшасының тәрбиешілеріне арналған «Педагогтың психологиялық саулығы. Эмоционалдық «күюдің» алдын алу» тақырыбында семинар – практикум өтті.

                    Семинар- практикум мақсаты: тәрбиешілердің білім беру ортасындағы эмоционалды жағдайын реттеу әдістерін игеру арқылы кәсіби «күю» синдромының алдын алу.

                  Семинар – практикумға балабақша тәрбиешілері, логопед, дефектолог, психолог  барлығы 18 маман қатысты.  Семинар басында  қатынасты нығайтуға, бірлесіп жұмыс істегенде өзін жайлы сезінуге бағытталған ойындар мен жаттығулар өткізілді, қатысушылар үшін жағымды  жағдай жасалды. Іс-шара барысында кәсіби эмоционалды «күю» кезеңдерін және оның белгілерін анықтау бойынша топтық тапсырмалар орындалды. Топтық жұмыста қызметтің қорытындыларын түсіндіруде белсенді пікір алмасу мен талқылау болды. Қатысушылар эмоционалды күйіп қалудың алдын алуға бағытталған осындай семинарлардың маңыздылығын атап өтті.

            Семинар соңында қатысушыларға эмоционалды өзін-өзі реттеудің психологиялық тәсілдері бойынша  күнделікті тәжірибеде қолдану үшін қажетті қосымша материалдар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған