БАЛАБАҚШАДАҒЫ ШАҒЫН ТУРИЗМ

2023 жылғы 17 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің №28 «Жұлдыз» санаториялық-балабақшасында мектеп жасына дейінгі балаларға шағын туризм арқылы экологиялық тәрбие беруде жобалау әдісін пайдалану ерекшеліктерін анықтау, тәжірибеде байқаудан өткізу мақсатында «Шағын туризм арқылы балаларға экологиялық тәрбие беруде жобалау әдісінің тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Көрме цифрландырылған форматта ұйымдастырылды, онда эксперименттік алаң жұмысы аясында балабақшаның қызметі ұсынылды.

Балабақшада шағын туризмді ұйымдастыру «Саяхатшылар» экологиялық квест ойыны арқылы өткізілсе, «Юные защитники природы» ситуациялық ойынында «Қоқысқа екінші өмір сыйлайық» акциясы алға тартылып, жас ұрпаққа табиғатты қорғау, зиян келтірмеу үшін қайта өңдеу технологиясы туралы қызықты ақпарат берілді.

Сондай-ақ, «Театрға саяхат»  ойыны арқылы балалармен қаланың әсем ғимараттарына дұрыс жол тауып бару, бағыт-бағдарды дұрыс анықтау барысында ортаға тез бейімделудің тиімді жолдарын көрсететін жобалау технологиясы тиімді ұйымдастырылды.

Семинар соғында балалардың танымдық және зияткерлік, зерттеу, жобалау, еңбек, дағдыларын дамыту үшін  педагогтардың ойын құзыреттілігін қалыптастыруда психолог-педагог «Балалық шаққа саяхат» тренингін ұйымдастырды. Семинарға елордалық мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарынан 20 педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған