Оқыту семинары туралы ақпарат

2023 жылдың 17-ақпанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері «Жас психолог мектебі» аясында  әдістемелік көмек көрсету мақсатында  «Ертегі терапиясын қолдану жолдары»  тақырыбында семинар өткізді. Семинарға 18 педагог-психолог қатысты.

           Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Т.С.Сатымбекова жас мамандарға  Ертегі терапиясында метафоралық ресурстарды қалай қолдану керектігін , өзіндік сана- сезімін дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуді жақсартуға, ерекше сенімділікті орнатуға, айналасындағылармен тығыз қарым- қатынас орнатуға, көптеген қорқыныштан арылуға көмектесуін түсіндірді. Ертегі терапиясы бағыты бойынша балаға жақсы мен  жаманды ажыратуға, мінездерін өзгертуге, қандай қиыншылықтар кездескенімен соңында барлығын жеңуге болатынына тоқталды.            

Семинар соңында педагог-психологтарға бөлім әдіскерлерінен жүйелі кеңес алу жөнінде ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған