Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының әдіскерлері 2023 жылғы 17 ақпан күні №62 мектеп –лицейінде аттестаттаудан өтетін мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, сабақ беру сапаларын зерделеді. Зерделеу барысында сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижеге жету жолдары, сабақ құрылымының толық өтуі, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, барлық білім алушылардың оқу, бағалау процесіне тартылуына көңіл бөлінді. Сабақ соңынан әр мұғалімге әдіскерлер кері байланыс жасап, ұсыныстарын білдірді. Әдістемелік көмек күні мектеп әкімшілігімен кеңесте қорытыланды.