Қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Ұстаз – ұлт айнасы» қалалық семинары

2023 жылғы 17 ақпан сағат 10.00-де қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Ұстаз – ұлт айнасы» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарды Әдістемелік орталық Астана қаласының №2 Өнер мектебімен бірлесе отырып, ұйымдастырып өткізді.

Семинар теориялық және практикалық екі бөлімнен тұрды. Семинардың теориялық бөлімінде №2 Өнер мектебінің директоры, директордың орынбасарлары, қосымша білім беру педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қосымша білім беру ұйымдарындағы жас мамандардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық негіздері, жас педагогтің беделін қалай қалыптастыру керектігі жайлы айтып өтті.

Семинардың практикалық бөлімінде педагогтер келесі тақырыптар бойынша шеберлік сыныптарға қатысты:

– «Жас қобызшылар ансамбліне репертуар таңдау жолдары»;

– «Театр мәдениетінің бала тәрбиесіндегі маңыздылығы»; – «Классикалық биді үйретудің әдістемесі».

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған