«All about inclusive education in ELT» тақырыбында қалалық семинары өтті

2023 жылғы 16 ақпан күні сағат 08.50-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ақпан айының жоспарына сәйкес Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәнінің жас мамандарына арналған «All about inclusive education in ELT» тақырыбында қалалық семинары өтті.

Семинардың мақсаты: Ағылшын тілі сабағында инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыру.

 Семинарды ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі.

Қатысушылар: Есіл ауданының 50 ағылшын тілі пәнінің жас мамандары қатысты.

Семинар 2 бөлімнен тұрды: 1 бөлім – практикалық , 2 бөлім-теориялық.  Осы семинарға мектептің 17 мұғалімі қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарды алғы сөзбен Әдістемелік орталығының әдіскері А. Б. Амирова «All about inclusive education in ELT» семинардың барысымен таныстырып, семинардың мақсат, міндеттерін айтты. №76 мектеп-лицейінің директоры Б.Б. Сейдеш пен Д.А. Касимова  «Инклюзивті білім берудің жалпы мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі. Іс-шараны әрі қарай №43 мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Данебаев Жанат Оразбаевич «Strategies for presuming competence. How  teachers should manage the inclusion at schools» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Садыкова Алина Қайратқызы, Тилекберді Нұршуақ, Думанова Мөлдір Думанқызы, Мошқал Гүлназым Мейірбекқызы ашық сабақтар өткізді. Мектеп кітапханасында Ахметова Гульнара Сагынбаевна, Амирханова Бакыткуль Тунгишбаевна «Some apps to promote inclusion» тақырыбында, Кожахметова Кымбат Бодыковна, Телгараева Замира Жанабаевна «Coreapp бағдарламасын тиімді қолдану» тақырыбында, Ләзатова Аида Мұратқызы,  Жусупова Орынгуль Кабдуловна «Тиімді әдіс-тәсілмен тәжірибе алмасу» тақырыбында, Юсупова Салтанат Сейтовна,  Ынтымақ Кәусар «Teaching activities» тақырыбында, №44 ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Алниязов Болат Тасмағамбетович «Ағылшын тілі сабағында инклюзивті білім беру жолдарының бірі театрландырылған ойындарды пайдалану» тақырыбында шебер сыныптар өткізді.

Семинар соңында мектеп психологы Саркина Жұлдыз Айтжановна қатысушы мұғалімдермен психологиялық тренинг жүргізді.

       Кері байланыс padlet тақтасы арқылы алынды. Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан  мұғалімдерге ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған