Жаңашыл сабақтың жетілдіру стратегиялары мен басымдылықтары

«Жаңашыл сабақтың жетілдіру стратегиялары мен басымдылықтары»

Астана қаласы әкімдігі “Әдістемелік орталық” МКҚК бірлесіп, 38 мектеп-лицейінде «Жаңашыл сабақтың жетілдіру стратегиялары мен басымдылықтары» атты қалалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: сабақты жоспарлаудың негізгі ұстанымдары мен идеяларын, сабақтарды тиімді жоспарлау дағдыларын, өз практикасында қалай қолданатыны туралы тәжірибе алмасу болды.

Семинар барысында:

— Пәндік тапсырмаларды функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларға трансформациялау;

— Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту;

— Комбинаторика есептерін шешу жолдары;

— Жаңашыл технологияларды дәстүрлі оқыту үрдісіне интеграциялау жолдарымен бөлісу;

Семинар 2 бөлімнен тұрды: панорамалық сабақтар мен ашық сабақтар.

Осы семинарға қала мектептерінен 65 мұғалім қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *