«Инклюзивті білім берудің алтын ережелері» атты оқыту семинар өтті

2023 жылғы 16 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сай  ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен психологтеріне арналған  «Инклюзивті білім берудің «Алтын ережелері» тақырыбында  оқыту семинары өтті.

Семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету жұмыстарының ерекшеліктері, аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту  барысында қолданылатын  әдіс-тәсілдерді үйрету, ерекше балаларды балабақшаға бейімдеу бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді.

Семинар  қатысушыларымен АВА-қолданбалы талдау әдісі, жеке блоктар әдісі, баланы дамытудың дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізілді.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *