БАЛАБАҚШАДАҒЫ ОЙЫНДАР КЕЙСІ

Астана қаласының №44 «Үркер» балабақшасында мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытатын ойындар кейсін таныстыру мақсатында «Мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын ойын арқылы дамыту» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. 

Іс-шара барысында барлық жас топтарының тәрбиешілері тәрбиелеу-білім беру процесін ойын арқылы оқыту ұйымдастыру қағидасын ұстанып, балалар әрекетін ғылым, таным, ұлттық ойын, шебер орталықтарын құру арқылы «Сиқырлы ойын» алаңы, «Интеллектуалды асық» үстел үсті ойыны, интерактивті тақтада «Ойлан тап» ойындар кейсін қолданып, нәтижесінде қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес  дағдыларын дамытты. Сонымен қатар педагогтер көрсетілген ойындарды қолдана отырып, қатысушылармен шебер-сынып өткізді.

Іс-шараға мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 30 педагог  қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған