Білім беру саласындағы талдау және зерттеу бөлімі әдіскерлері 15-ақпан күні «Digital matematika» компаниясымен бірлесе отырып математика пәні бойынша педагогтерге арналған «DG Math – digital matematika» электрондық онлайн оқыту жүйесімен танысу бойынша вебинар өткізді.
Вебинарға орта білім беру ұйымдарынан 20 орта білім беру ұйымдарынан 29 педагог қатысты (№№ 2, 4, 16, 18, 21, 22, 24, 26, 31, 43, 52, 58, 63, 65, 68, 71, 73, 76, 84, 87).
Педагогтер 4-11 сыныптарға арналған «Математика» оқу пәні бойынша білім сапасын арттырудың қосымша құралы ретінде оқытудың жаңа бейімделген технологиясымен танысты.
Бұл онлайн-жүйені апробациялау 2022-2023 оқу жылының 3 және
4-тоқсандарында өтеді. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша педагогтердің пікірлері және білім алушылардың осы оқыту платформасын пайдалану нәтижелері ұсынылатын болады.
Бәріңізге сәттілік