«Жасыл мектеп» жобасы

2023 жылдың 14 ақпан күні  Астана қаласы әкімдігінің Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназияда Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асырып жатқан  «Жасыл мектеп» жобасы аясында салынған   жылыжайдың тұсау кесу рәсімі өткізілді. Жылыжайдың ашылу іс-шарасына  гимназия әкімшілігі, қамқоршылық кеңес мүшелері, әдістемелік бірлестік жетекшілері және мектеп ұстаздары қатысты.

Жылыжайдың ішкі жұмысының басталуынан жобада жүрген оқушылар жылыжайдағы көкөністерді баптап, күткені, өнім берудің жолдарын зерттегендері жайында таныстырып өтті.  Жоба жұмысын жүргізуші оқушылар мен жетекшілер жылыжайды одан әрі дамыту мен өнімдерін кеңейту туралы жоспарларын түсіндіріп өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған