Астана қаласының №62 «Нұрсауле» балабақшасында «Отбасылық ұлттық құндылықтар – бала тәрбиесінде» тақырыбында қалалық семинар — практикум өткізілді.
Семинарда жас педагогтердің кәсіби деңгейінің шығармашылық жұмыстарын көрсету және іс-тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
Семинар отбасылық ұлттық құндылықтар бейнеролигімен ашылып, балабақшада бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды баланының бойына сіңдіру үшін жүргізілетін жұмыстар түрі көрсетіліп, қазақтың салт-дәстүріне байланысты дидактикалық ойындар мен ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетілді. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер музыка, шеберхана шеберімен, математика негіздерімен, суда сурет салу техникасымен байланыстырылды.
«Үштік одақ» жұмысын жандандыру бағытында, ата-аналармен қарым-қатынасын нығайту мақсатында изостудия жетекшісімен жұмыстар ұйымдастырылды.
Жас маман «Торсық» Ләпбук әдісін қолдану арқылы іс-тәжірибесімен бөлісіп, оның пайдасын атап өтті.
Стринг-арт әдісін қолдану арқылы балалармен және ата-аналармен әр-түрлі іс-әрекеттер ұйымдастырылды.
Балабақшаның психологі «Отбасылық жеміс ағашы» атты тренинг өткізді. Құндылық ағашына суреттерді жапсыру арқылы отбасылық ұлттық құндылық ағашының негізін қалады