«Жасыл мектеп» жобасы

Бүгін 2023 жылы 14 ақпан күні  Астана қаласы әкімдігінің «Кемел Акышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында»  Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асырып жатқан «Жасыл мектеп» жобасының эко білім беруді және табиғатқа жанашырлық танытуды дамытуға бағытталған жылыжайының ашылуы өтті.

Бұл жобаның болашақ ұрпақты еңбекқор әрі экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуде әлеуметтік және  экологиялық маңызды екенін атап өткен жөн. «Жасыл мектеп» жобасында  практикалық жұмыстарды оқушылар мектептің оқу тәжірибе үлескісінде  білімдерін тәжірибемен ұштастырады. Жылыжайда тәжірибелік мақсатта шалқан, сәбіз, қызылша, қияр, қызанақ, ақжелкем, асжапырағы, салат жапырақтары өсіріле бастады.

Жылыжайдың ашылу салтанатына келген қонақтар:  Әдістемелік орталықтың  әдіскері  Шакирова Шарипа Химановна,  Есіл ауданы, Үркер тұрғын алабының бас инспекторы Жарқын Қазбекович, «QAZVISION» медиа компания жетекшісі Мақжанова Назгүл Сейітқожақызы және  мектептің қамқоршылық лық кеңесінің мүшелері   Салтанат Муханбетпанақызы,  Қарлығаш Сабитовна. Кужатаева Алла Аскербаевна. Әр бала өсімдіктің қалай өсетінін, оған қандай күтім керек екенін көріп, біледі. Сондықтан бұл келешекте пайдасын тигізетін білім болары анық.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған