2021 жылғы 02 сәуірде Білім беруді жаңғырту орталығы әдістемелік кеңесінің кезекті отырысында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы әріптестерінің қатысуымен SHARE халықаралық жобасын жүзеге асыру сұрағы талқыланды.
Аталған шараға 3-топтың 50-ден астам педагогтері қатысты (№№27,35,60,62,65,68,77, №2 арнайы мектеп).
Отырыс аясында SHARE жобасының мектепішілік және желілік үйлестірушілері, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері келесі мәселелерді талқылады:
— Нұр-Сұлтан қаласында педагогтердің рефлексивтік қауымдастығын құру;
— SHARE халықаралық жобасы аясында мұғалімдердің дамуына арналған мүмкіндіктер;
— рефлексивті мұғалімнің бойындағы негізгі қасиеттер;
— зерттеу мәселелерін (проблемалық мәселелерді) анықтау мен қалыптастырудың маңыздылығы туралы.
Іс-шара барысында 1,5 сағат ішінде мектеп қатысушылары сұрақтар қойып, жобаның маңыздылығын талқылап, әр қатысушының жауапкершілігін айқындауға мүмкіндік алды.
Іс-шара соңында қатысушылар мен Ы.Алтынсарин Ұлттық білім беру академиясынан қатысып отырған қонақтар өткізілген вебинар бойынша кері байланыс берді, «Оқу мен оқытудың тәжірибесін жақсарту» негізгі бағытына баса назар аударды.