Астана қаласының №89 «Қыз Жібек» балабақшасында ата-аналар үшін «Ерекше баланың өміріндегі балабақшаның рөлі» тақырыбында қалалық семинар — практикум өткізілді.
Семинар балалармен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістерімен танысу, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында ата-аналарға түзету топтарының қатысуымен ұйымдастырылған іс-шаралар көрсетілді. Ұйымдастырылған іс-шаралар музыка, жаттығу терапиясы сияқты басқа пәндермен біріктірілді. Сабаққа логопед, психолог және дефектолог мұғалім тартылды. Балалар өлеңдер айтып, математикалық тапсырмаларды ойдағыдай орындады, ЕДШ нұсқаушысының көмегімен кедергілер жолымен жүрді, нейрозаряд, тыныс алу гимнастикасы, логоритмика, артикуляциялық гимнастика орындады.
Ата-аналар қауымына білім беру ойыншықтары мен дидактикалық материалдар көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ, мұғалім ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мінез-құлқын түзету бойынша жұмысты көрсетті, сонымен қатар түзету кабинетінің мамандары АВА бойынша практикалық сабақ өткізді, сабақ аутизм спектрі бұзылған балаларға ғана емес, сонымен қатар ауыр психикалық бұзылуларға да бағытталған.
Психологтар кинезиологиялық жаттығулар мен нейроойындардың дамуындағы пайдасы туралы тренинг өткізді Мектеп жасына дейінгі бала, кинезеологиялық жаттығулар мен нейроойындардың әсері. Дефектологтар тренинг арқылы ата-аналарға баланың дамуындағы танымдық ойындар мен жаттығулардың маңыздылығын, үйде ойын өткізудің жолдары мен тәсілдерін көрсетті. Логопедтер үлкен маториканың дамуының балалардың сөйлеу тілінің дамуына әсері бойынша шеберлік сабағын өткізді, үйде балалармен артикуляциялық гимнастика, логоритмика, биоэнергопластикамен қалай айналысу керектігін көрсетті.