Creative ideas for the lesson

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әлеуметтік серіктесі «Macmillan Education» баспасымен бірлесіп, 2023 жылғы 02 ақпан күні сағат 15.00-де №89 мектеп-лицейінде ағылшын тілі пән мұғалімдеріне «Creative ideas for the lesson» тақырыбында воркшоп өткізді.

Семинардың мақсаты: Воркшоп барысында ағылшын тілі пәнін оқытуда бүгінгі заманның талабына сай мұғалімдердің ғылыми әдістемелік және шығармашылық ізденісін жетілдіру, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, озат тәжірибе алмасу, іс-тәжірибемен бөлісу және тарату.шығармашылық идеяларды үйреніп, сабақта пайдалану.

 Семинар 2 бөлімнен тұрды: 1 бөлім – практикалық , 2 бөлім-теориялық. Осы семинарға қала мектептерінің ағылшын тілі пәнінің 80 мұғалімі қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарды Әдістемелік орталығының әдіскері А. Б. Амирова кіріспе сөзімен семинардың барысымен таныстырып, семинардың мақсат, міндеттерін айтты. Іс-шарада ағылшын тілі пәнінің мұғалімі TESOL/TEFL жаттықтырушы Картеева Айнур Тургановна «WORKSHOP: Practical tasks for teachers» тақырыбында воркшоп өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ағылшын тілі бөлімінің үйлестірушісі Иманжанова Динара Дүйсенова, «The TOEFL tests. Resources for Teachers» халықаралық емтиханға дайындалу және тапсыру критерийлері туралы түсіндірді. Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан  мұғалімдерге ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

One comment

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған