Астана қаласы Білім басқармасының 2023 жылғы 26 қаңтар күнгі бұйрығына сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарына зерделеу жүргізіп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2023 жылғы 10 ақпан күні №81 «ASTANA ENGLISH SCHOOL» мамандандырылған гимназияға барып, мемлекеттік аттестаттау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Білім беру ұйымын бағалаудың негізі критерийлері, өзін-өзі бағалауды зерделеу бағыттары мен обьектілері түсіндірілді және аттестаттау барысында басшылыққа алынатын нормативтік –құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, тексерілетін құжаттар тізбесі бойынша құжаттарын зерделеп, әдістемелік көмек көрсетіліп және оларды шешу жолдарына әдістемелік ұсынымдар берілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. 36 орта мектептерді мемлекеттік аттестаттау 2023 жылдың қыркүйек – желтоқсан айларына жоспарланып отыр.