Әдістемелік көмек көрсету

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-нің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекетік аттестаттаудан өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету және зерделеу мақсатында 10 ақпан күні Астана қаласы әдістемелік орталығының әдіскерлері 26 мектеп-гимназиясында болды. Мектеп ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау бойынша әдістемелік көмек көрсетуде келесі талаптар бойынша сұрақтар қарастырылды: оқу-әдістемелік жұмыс, нормативтік –құқықтық құжаттар, ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмысы. Мектеп әкімшілігі тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған