Астана қаласы Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде білім беру ұйымдарының информатика пәні педагогтеріне арналған «Сабақ барысында TOPIQ.KZ электронды оқулықтар платформасын тиімді қолдану» тақырыбында қалалық ашық сабақ өтті. Информатика пәні педагогі А.Ж.Асылбекова 5 сынып оқушыларымен TOPIQ.KZ платформасын қолдану арқылы сабақ өткізді. Сабақ барысында платформада ұсынылған тапсырмалар орындалды. Тақырыпқа байланысты программаның кодын жасап «Сақшы» роботты жүргізді.
Сабақ соңында рефлексия жасалып, оқушылар өздерін бағалау парағы арқылы бағалады. Елорда педагогтері TOPIQ.KZ электронды оқулықтар платформасын қолдану бойынша сұрақтар қойып, өздеріне қажет ақпаратты ала алды.