Ақпараттық технологияларды дамытудың жаңа жағдайындағы әлеуметтік педагог жұмысының алгоритмі

2023 жылғы 9 ақпан күні Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде «Ақпараттық технологияларды дамытудың жаңа жағдайындағы әлеуметтік педагог жұмысының алгоритмі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарды өткізудің мақсаты Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің әлеуметтік педагогтерінің кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық құзыреттілігін арттыру, әлеуметтік педагогтерге кеңес беру  және әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.

Семинар жұмысына жалпы білім беретін мектептердің 60-тан астам әлеуметтік педагогтер қатысты. Семинарда №7  мектеп-гимназиясының  әлеуметтік педагогі Утегенова Камар Маратовна «Әлеуметтік педагог жұмысында кейбір ақпараттық жүйелерді қолдану» тақырыбында сөз сөйледі. Астана қаласының білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтеріне психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Л.Ж Бодикова «HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі» тақырыбымен  жүйені  қолданудың ыңғайлы әдісін айтты. Сонымен қатар,  нәтижелерді өңдеудің негізгі принциптерін қарастырды және әлеуметтік педагогтерге бірыңғай база қолданудың тиімділігін, ұйымдастырушылық әдістемелік жұмыстың басқа компоненттерін автоматтандырудың, сандық мәліметтерді анықтаудағы жеңілдіктерін көрсетті.

 №5 мектеп-гимназиясының  әлеуметтік педагогі Кошикова Мереке Алибековна «Әлеуметтік-педагогикалық технология және оның ерекшелігі», Астана қаласы әкімдігінің «№1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ-нің  әлеуметтік педагогі Сәкенова Данагүл Бораналиқызы «ПМПК аясында мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасына әлеуметтік-педагогикалық қолдау», Астана қаласы әкімдігінің «№1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ-нің  дефектолог- логопеді Сагилова Жанна Кабдилевна «Астана қаласы бойынша әлеуметтік – педагогикалық модель негізінде ПМПК  кызметі» тақырыбында баяндама жасады.

Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған