Отбасы және қоғамның өзекті мәселелері. Ата-аналар қауымымен жұмыс жасаудың басым бағыттары

2023 жылғы 8 ақпанында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласы бала құқықтарын қорғау комитетінің өңірлік уәкілініңұйымдастыруымен«Отбасы және қоғамның өзекті мәселелері. Ата-аналар қауымымен жұмыс жасаудың басым бағыттары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: ата-аналармен ағарту жұмыстарын жандандару, қиындықтарды шешу жолдары.

Дөңгелек үстелге: Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Паули Элина Сергеевна, Астана қаласы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі  Бимендина Асима Темкенқызы, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Сенгазыев Қасымхан Сенғазыұлы қатысты.

Астана қаласындағы Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің сұрауы бойынша Білім басқармасының қолдауымен «Қоғамды жаңарту» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Астана қаласының бірнеше мектептерінде білім алушылардың ата-аналары арасында жүргізілген сауалнамаларға жауап берілгені айтылды.

 1. Балаңыздың/балаларыңыздың жынысы мен жасын көрсетіңіз.

 2. Баланы/балаларды тәрбиелеу процесінде қандай қиындықтар туындады?

 3. Білім беру процесіне байланысты қандай тақырыптар бойынша педагогтер мен психологтардан педагогикалық дәріс алғыңыз келеді?

Дөңгелек үстелге қатысушылар ата-аналарды алаңдататын өзекті мәселелерді зерделеу және ата-аналар қоғамына психологиялық-педагогикалық білім беруде бірлескен қызметті жоспарлау бойынша ұсынымдарды бірлесіп әзірлеу үшін сауалнама нәтижелерімен танысты. «Әдістемелік орталықтың» психологиялық сүйемелдеу бөлімінен талқылауға педагог-психологтар тобымен бөлім басшысы Г. К. Капанова және Астана қаласы білім беру мекемелерінің педагог-психологтары : №4 МЛ-Мөшке А., №14 МГ-Рустимова М.А., №21МГ-Догалакова А., №31МГ- Абрамова О. А., №60 МГ- Куспанова Ш.Ж., № 68 МГ- Сайлаубаева Р., №56 МЛ- Жаппашева А.Р., Астана политехникалық колледжі- Шаймерденова М.Г., және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сынып жетекшілер, ата-аналар қатысты.

Кездесу барысында спикерлер балалардың құқықтары жөнінде, оны қамтамасыз ету барысында жеткен прогресстер, сонымен қатар  балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы хабардар болды. Дөңгелек үстел шарасы мүдделі тұлғаларды  кәмелетке толмағандарды қорғау мәселесі бойынша ортақ конструктивті ынтымақтастыққа келуге бағыттады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған