2023 жылғы 9 ақпан күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №18 орта мектепте арнайы сыныптарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін арнайы педагогтерге арналған «Білім беру процесінде сөйлеу қабілеті бұзылған оқушыларды сүйемелдеу моделі» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар барысында мектептің арнайы педагогтері мен бастауыш сынып мұғалімдері төмендегі тақырыптар бойынша ашық сабақтар мен шебер-сыныптар өткізді:
— логопедиялық практикада түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру;
— сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер;
— саралау С-З;
— дауыссыз С-Ш дыбыстарын ажырату;
— жаңа форматтағы мұғалім.
Сондай-ақ, ата-аналардың қатысуымен «Қыңырлық пен қырсықтық патшалығында» мотивациялық тренинг өткізілді.
80-ге жуық педагог қатысқан семинар-практикум қызықты әрі нәтижелі өтті.