Педагогтің сабақтарына қатысу

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскерлері  Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің аттестациядан өтетін 7  педагогінің сабағына  қатысты.

Педагогтің сабақтарына қатысу кезінде әдіскерлер:

– сабақ мазмұнының оқу мақсаттарына сәйкес келуі;

– оқу мақсатынан сабақ мақсатына бағытталуы;

– сабақ мақсаттары мен күтілетін  нәтижелерге жету жолдары;

– жоспарда сабақ кезеңдерінің қамтылуы;

– қолданылған әдіс- тәсілдердің  тиімділігі;

– тәжірибе арқылы дағдыларды дамытуы;

– белсенді оқыту және саралау әдістерінің енгізілуі;

– білім беру платформаларындағы ресурстардың қолданылуы;

– қалыптастырушы бағалау процесінің жоспарлануы;

– сабақ барысында АКТ-ны тиімді қолдануы;

– білім алушылардың қажеттіліктерінің ескерілуі;

-материалдың мазмұны бойынша рефлексия жүргізілуіне  назар аударды.

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің бастауыш сынып ұстаздарының сабақтарында қолданған әдіс-тәсілдері, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары сабақ мақсаттарына негізделген. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау  топтық, жұптық, жеке жұмыстар барысында көрініс тауып жатты. Сондай-ақ оқушылардың тілдік дағдылары, сабаққа қатысу белсенділіктері бақыланса, дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың  тапсырмалары белсенді оқыту және саралау әдістерін тиімді қолданды. Сабақтың әр кезеңінде мұғалім оқушылардың үнін тыңдап, әр тапсырмадан кейін кері байланыс жасап отырды. Оқушылардың өз – өздерін бағалау дағдысы қалыптасқан. Мектеп заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған.  Әрбір сабақта пән мұғалімдері  АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, қызықты әрі заман талабына сай сабақтар көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған