Шетел тілін оқытуда ІТ технологияларды қолдану

2023 жылдың 7 ақпанында Қазақстандық Швейцария-Американдық колледжінің базасында «Шетел тілін оқытуда ІТ технологияларды қолдану» тақырыбында Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының шетел тілдері пәндерінің  педагогтеріне арналған қалалық семинар өтті.

Семинарда түрік тілі пәнінің оқытушысы Мехмед Альп, корей тілі пәнінің оқытушысы Пак  Бён Гён, шетелдік білім беру менеджері Алиева Қ.Т. және  ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Ключ Л. Ю., Каскенов А.С., Жантаева Д.Т. и Каламбаева Н.А. сөз сойледі.

Спикерлер қазіргі қоғамдағы көптілділік мәселелеріне тоқталып, заманауи IT-технологиялар мен шет тілдерін оқытудың заманауи әдістерін қолдану тәжірибесімен бөлісті, коммуникативті дағдыларды жақсарту үшін әлеуметтік желілер мен қосымшалардың маңыздылығын көрсетті.

Семинар қатысушыларына  оқушылардың тілдік дағдыларын ойдағыдай меңгеру туралы, сабақта  және сабақтан тыс уақытта ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар берілді.  Семинарға 40-тан астам колледж оқытушылары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған