МЕКТЕП – ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР АУМАҒЫ

2023 жылғы 03 ақпан күні Астана қаласының Білім басқармасының, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде орта білім беру ұйымдарының арнайы білім беру педагогтеріне қалалық семинар өтті. Семинарда арнайы және инклюзивті білім беру практикасын дамыту жұмыстарын жүзеге асыру аясында  арнайы педагогтер, бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері «Монологиялық сөйлеуді қалыптастыру бойынша түзету жұмыстары», «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды қоғамға икемдеу» тақырыптарында озық тәжірибелерін баяндап, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту процесінде бақылауда ашық сабақтар  көрсетті. Сонымен қатар, жаңадан жабдықталған логопед, дефектолог кабинеттерінің ашылуы ұйымдастырылды. Семинар соңында кері байланыс еркін микрафон арқылы жүргізіліп, балалардың өнері тамашаланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған