LET’S TALK! CREATIVE SPEAKING ACTIVITIES IN ELT

2023 жылғы 02 ақпан күні сағат 09.00-де М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының  ағылшын тілі пән мұғалімдерінің арасында өткен «LET’S TALK! CREATIVE SPEAKING ACTIVITIES IN ELT» қалалық семинар

Семинардың мақсаты: Мұғалім тәжірибесіндегі айтылым дағдысына арналған заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісу арқылы жас мамандардың кәсіби құзіреттілігін арттыру

 Семинарды ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы

Қатысушылар: Алматы ауданының ағылшын тілі пәні мұғалімдері.

Шақырылған қонақтар:

Қала мектептері: №22 МГ, №13 ОМ, №29 ОМ, №30 МГ, №32 МГ,

№33 ББ-БМ, №37 ОМ, №38 МЛ, №42 ОМ,  №43 ОМ, №44 ОМ, №48 МЛ, №50 МЛ, №51 МГ, №52 МГ, №53 МЛ, №57 ОМ, №63 МГ, №64 МЛ, №70 МЛ, №72 МЛ, №73 МЛ, №83 МГ, №86 МГ.

Семинар 2 бөлімнен тұрды: 1 бөлім – практикалық , 2 бөлім-теориялық.  Осы семинарға мектептің ағылшын тілі пәнінің 10 мұғалімі қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарды №74 мектеп-гимназиясының БІЖ орынбасары  Г.Б. Байтас алғы сөзбен және Әдістемелік орталығының әдіскері А. Б. Амирова кіріспе сөзімен семинардың барысымен таныстырып, семинардың мақсат, міндеттерін айтып, «Let’s talk! Creative  speaking activities in ELT» тақырыбында сөз сөйледі . Іс-шараны әрі қарай ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Жанбуршина Камила Уалиханқызы, Секенова Динара Бауыржанқызы, Ахметов Ақжол Ахметұлы, Жандыл Елжас Мұратбекұлы ашық сабақ өткізді. М Мақатев танымдық мұражайында Ашенова Сабира Саулебековна, Жусупова Жанар Орынбасаровна, мектеп кітапханасында Мамбетбаева А.Ж, Байдалина Галима  “The best ways to improve students speaking”   тренинг, Тайбекова Жұлдыз Назарбековна мәжіліс залынында тренинг «Сreative speaking activities in ELT»  Plan for English teachers» тақырыптарында Исмаилова Сандуғаш Аманбаевна рефлексия өткізді.

           Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан  мұғалімдерге ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді. Л.Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетінің оқытушысы August Garnsey кері байланыс берді. Семинар мектеп директоры Е. Бөкийханұлының тілек сөздерімен аяқталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған