МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫ БАР БАЛАБАҚШАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2023 жылғы 1 ақпанында елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мектепалды даярлық тобы бар балабақша әдіскерлеріне арнап «Алматыкітап баспасы» тренинг орталығы TopIQ-заманауи сандық оқулықтар web-платформасын таныстыру мақсатында шебер-сынып өткізді.

TopIQ.KZ платформасындағы барлық оқулықтар ҚР БҒМ бекіткен білім беру стандарттарына сәйкес құрылған және мультимедиялық,  график, сурет, фото, бейне және аудио материалдармен толықтырылған қағаз оқулық мазмұнының негізінде жасақталған отандық өнім.

Заманауи отандық электронды платформа жалпы педагог қауымына қолайлы жұмыс жасауға арналған. Мектепалды даярлық топтары бар мемлекеттік балабақша әдіскерлері TopIQ.KZ платформасында жұмыс жасау мүмкіндігін алды. Жалпы айтар болсақ «Алматыкітап баспасы» тарапынан шығарылған электронды оқулықтары мен әдістемелік материалдарының ерекшеліктері электронды оқулықта берілген тапсырмалар аудио материалдармен дыбысталған, бейне роликтермен және ертегілермен қолжетімді ыңғайланған.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған