«Шығармашыл педагог» қалалық байқауы

       Педагог шығармашылығы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор В.А.Караковскийдің мәлімдеуінше, педагогикалық мәдениеттің негізгі көрсеткіші. Қазіргі таңда педагогтің бойында шығармашылық қасиет пен жасампаздық болуы міндетті. Шығармашылық іс-әрекет – педагогке тек шәкірттерін дамытып қана қоймай, өзін-өзі дамытып, жетілдіруге мүмкіндік беретін ұстаз тұлғасының танымдық, эмоционалдық және мотивациялық құрамдас бөлігі.

        2022 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК ТжКББ бөлімі тарапынан колледж педагогтеріне арналған «Шығармашыл педагог» қалалық байқауы өткізілді. Байқауға 30 педагог қатысып, әрқайсысы өзінің жаңа шығармашылық идеясын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті жаңа білім мен технологияларды қолданып жүрген, өзін-өзі дамытуға қабілетті үздік педагогтер анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК тарапынан құнды сыйлықтар ұсынылып, қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді. Сонымен қатар, «Шығармашыл педагог» қалалық байқауына қатысқан кәсіподақ мүшелеріне Астана қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағы атынан арнайы ақшалай сертификаттар табысталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған